![]() |
| КОМЕРЦИЯЛЫК ОКЕЛЕСТIК | ЖУК ТАСЫМАЛДАУ | БАГАЛАР | БIЗДIН СЕРIКТЕСТЕР | БАЙЛАНЫС |
|
Біздің
қызметке мүдделілік білдіргеніңіз үшін рахмет!
Біздің компания Сіздің пайдаңызға қызмет етеді! Біз жиынтықты жүкті тасымалдау рыногында 2001 жылдан қызмет етудеміз. Бұл уақыт ішінде серіктесінен сенімділік пен тұрақтылықты талап ететін көптеген ресей компаниялары біздің серіктестіктерімізге айналды. Біз Мәскеуден Қазақстан мен Украинаға жүктер жіберілуіне мүдделі рынок секторының сұранысына бағытталған автотранспорттық көлікпен жүктер партиясын осы географияфық аймақтарға тасымалдаумен маманданамыз. Басқа компаниялармен салыстырғанда біздің артықшылығымыз айтпаса да түсінікті. Бұл - қызмет көрсету рыногындағы біздің жұмыс тәжірибеміз, білікті мамандардан жасақталған команда, керекті клиенттерге ықыласты қызмет, ең бастысы, баға-сапаның сәйкестігі. Компания клиенттермен қызмет көрсету тәсілі және меншік түріне қарамастан жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық өкілдік
"ТенгизКарго" ААҚ Қазақстандағы Сіздің товарларыңыздың қозғалысы үшін қызмет көрсетеді, ол кәсіпкерлік саласында (коммерциялық өкілдік) келісімдер жасауда кәсіпкерлерді танытушы дербес және жеке тұлға ретіндегі Тарап болып табылады. Біз ресейлік және қазақстандық әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және өнімді ынтымақтастыққа мүдделі болғандықтан, келіссөздер жүргізудің нәтижелілігі мен коммерциялық жобалардың табысты болуы жауапкершілігін өзімізге ала отырып, барлық тапсырманы аса ыждағаттылықпен орындаймыз. Біз біздің компания көрсететін қызмет түрлері мен оларды іске асыру технологиясының түрлеріне сәйкес жалғыз сенімді және жауапты серіктес деп Сіз танитын немесе бағалайтын талабыңызға толық жауап беру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз.
РФ территориясында товарды алу қызметтері Кедендік ресімдеу қызметтері
"ТенгизКарго" компаниясы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының территориясында кедендік ресімдеу қызметін көрсетеді. Жүктер Қазақстан Республикасының және Украинаның территориясындағы қоймалардан кедендік тазартылып беріледі. "Тенгизкарго" тасымалдау және кедендік ресімдеу арқылы клиент тапсырысы бойынша Ресей Федерациясы территориясында Товарды алу қызметін іске асырады. Мамандардың ыңғайлы және жолға қойылған жұмыс жүйелері арқылы Сіз Товарды төмен бағамен ала аласыз. Қазақстан Республикасы мен Украинадағы біздің өкілдіктеріміз арқылы біз Сатып алушы мен Сатушы арасындағы есепайырымды қысқа мерзімде іске асырамыз.
|
|||||||||||||